|
Қазақстан Республикасының Үкіметімен «2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы теміржол көлігінің құрылымын қайта қарау бағдаралмасын» қабылдауына байланысты 2002 жылғы 30 сәуірде «Богатырь Транс» ЖШС компаниясының құрылуына мүмкіндік береді. Компанияның негізгі стратегиялық клиенті, «Богатырь Көмір» ЖШС («Богатырь Аксес Көмір») Қазақстанның энергетикалық саласы гигантының көмірін тасымалдау экспедициялауы басталды.
2002 жылдың қараша айы - «Алтайвагон» ААҚ-мен келісімшарт бойынша бірінші 70 жаңа үсті ашық вагондарды меншікке сатып алу, олар 2002 жылдың 15 қарашасынан Петропавл ст. және Екібастұз- Солтүстік ст. («Аксесс Энерго Петропавловская ТЭЦ-2» ЖШС, «Экибастузский энергоцентр» ЖАҚ және «AES Экибастуз» ЖШС) бағытында көмір тасымалдауына іске қосылады.
2003 жылдың ақпан айы – «Богатырь Транс» ЖШС активтер бөлігін іске асыру бойынша «ҚТЖ»ҰК» ЖАҚ-пен жүргізілген тендерді ұтып, 2815 үсті ашық вагондардың иеленушісі болады, оның ішінде 2274 бірлігі жұмыс және 541 жұмыс емес паркінің. Сонымен қатар, компания № 16 Екібастұз эксплуатациялық вагон депосы – жөндеу базасын сатып алып, вагондарды жөндеу және вагон тораптары мен бөлшектерін қалпына келтіру жөніндегі қызмет көрсету спектрін кеңейтеді.
Осы жылы Компания соңында ұзақ мерзімді серіктес болып қалған «Фрахт Сервис» ЖШС-мен өзара әрекет етіп, қызметтің жаңа түрін – темір кеңді шикізат тасымалдауын меңгереді.
2003 жылдың қорытындылары бойынша «Богатырь Транс» ЖШС «Миттал Стил Темиртау» АҚ («Испат Кармет» ААҚ) үшін 600 мың тонна темір кеңнің тасымалдауын жүзеге асырды.
Қазіргі кезде «Миттал Стил Темиртау» АҚ «Богатырь Транс» компаниясының стратегиялық клиенттерінің санына енеді. «Богатырь Аксесс Көмір» негізгі жүгі - көмір тасымалдау көлемі 2003 жылы 5,9 млн. тонна құрап, 26 есе өсті.
2004 жылы – Компания жүк үсті ашық вагондар меншік паркін 3000 бірлікке дейін, оның ішінде 200 жаңа үсті ашық вагондарды сатып алу жолымен көбейтеді. 2004 жылдың қорытындылары бойынша «Богатырь Транс» меншік жылжымалы құрамымен 13,4 миллион тонна жүк тасымалдаған.
  
2005 жылы – тасымалдау географиясы кеңейіп, Қазақстанның үш және Ресейдің екі аймағын қамтиды. 2005 жылы «Богатырь Транс» ЖШС тасымалданған жиынтық көлемнен халықаралық тасымалдауға 85, ішкі тасымалдауға – 15 пайыз келеді.
2004-2005 жылдар ішінде Компания маңызды табыстарға жетіп, Қазақстан темір жолы саласы реформаларының белсенді қатысушысы болады. Компания құқықтық, нормативтік және тарифтік базаны бәсекелес орта талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлеп өткізеді. Осы бағытта жұмыс істей отырып, Компания басқа көлік кәсіпорындарымен және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ-мен тығыз өзара әрекет етеді. «Богатырь Транс» ЖШС «Қазақстан Тасымалдаушылары мен вагон операторлары қауымдастығы» құрылтайшыларының бірі болып, «ҚР Ұлттық экспедиторлары қауымдастығының» қызметіне қатысады.
Клиент базасы да маңызы кеңейіп, Компанияның стратегиялық серіктестері «КазЦинк» АҚ, «Қазақстан Темір жолы»ҰК» АҚ, «Жол жөндеуші» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ («Казжелдортранс» АҚ) болып табылады.
2005 жылдың желтоқсан айы – Компания ISO 9001:2000 халықаралық стандарты бойынша сертификатталады.
2005 жылдың қорытындылары бойынша «Богатырь Транс» ЖШС «Quality Award 2005» және «Успешная компания 2005 года» сайыстарының жеңімпазы болып танылады.
 
2006 жыл – вагон паркінің қарқынды өсуі, тасымалдаудың рекордтық көлемі, жылжымалы құрам мен вагон қосалқы бөлшектерінің жөндеу нарығында жандандырылуы.
2007 жыл – Компания депосы базасында ТКОЖ вагон қызметтері басшыларының көшпелі кеңесін өткізу, жүк вагондарға күрделі-қалпына келтіру жөндеулерін өндіруге рұқсат алу. «Богатырь Транс» ЖШС бес жылдығы.
2008 жыл – Компания «Жылдың үздік көлік компаниясы» номинациясындағы «Алтын Тұлпар» деген бірінші ұлттық қоғамдық көлік сыйының гран-приіне ие болып, «Богатырь Транс» ЖШС бас директоры «Көлік саласындағы осы жылдың ең үздік басқарушысы» атағын алады.
  
2009 жыл – 2008 жылдың ISO 9001 нұсқасы халықаралық стандарты бойынша сапа менеджменті жүйесін қайта сертификаттау.
|